Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев Қобда ауданына арнайы барған жұмыс сапарында көктем айында су тасқынынан зардап шеккен отбасыны жаңа қонысымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Адам атадан тараған күллі адамзат баласы жаратылған сәттен бастап түрлі жақсылық мен сынақты бастан кешуде. Өйткені өмір – сынақ мекені. Ал мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау. Биылғы көктем еліміз үшін оңай болмады. Үйсіз қалған әрбір қазақтың қайғысы – бәрімізге ортақ. «Қазаны бірдің қайғысы бір» деген дана халқымыз. Бір елдің суын ішіп, отына жылынып отырған біздер, сіздермен әрқашан біргеміз.
«Шын мәнінде қиындықпен бірге жеңілдік бар» («Шарх» сүресі, 6-аят). Алла Тағала қиындық соңынан жеңілдік беріп, қайғы соңын қуанышқа ұластырып отыр. Бүгін міне, сіздерді құттықтап, қуанышқа ортақтасып келіп жатқан жайымыз бар. Қоныстарыңыз құтты, іші толған береке болсын!»,- деді Амантай Әбділдаұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
17.09.2024
1963
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру