Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әл-Фараби» мешіті жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті

ummet.kz 13.09.2024 917 0 пікір
«Әл-Фараби» мешіті жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті

Астанадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жамағатқа арналған Мәуліт кеші өткізілді. 

Ақшам намазынан кейін мешіт жамағатына Мәуліт мерекесінің құрметіне орай арнайы ақ дастархан жайылды. Мәуліт кеші әдеттегідей мешіт ұстазы, қари Мұрат Дайрабайұлының Мәуліт жырын оқуымен басталды. ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы мешіт жамағатын Мәуліт айының келуімен құттықтап, қасиетті айдың қадір-қасиеті хақында баяндады. Мешітке арнайы келген Республикалық бас мешіттің наиб имамы, ұстаз Әділхан Оразов жиылған жамағатқа Мәуліт мерекесінің Ислам дініндегі маңыздылығы тақырыбында көркем насихат айтты. Насихат барысында наиб имам Құрандағы Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты аяттарды, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)деген сүйіспеншіліктің мәні, Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағат етуі және сүннетіне ерудің маңыздылығы жайында тың тақырыптарға кеңінен тоқталып, көркем мысалдар мен ғибратты оқиғаларды тілге тиек етті. 

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірімен жақын танысқан жамағат мешіт ұжымына мағыналы басқосу үшін өз алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру