Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: 450 оқушыға көмек көрсетілді

17.08.2024 1948 0 пікір
Жамбыл: 450 оқушыға көмек көрсетілді

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы өкілдігінің ұйымдастырумен «һибатулла Тарази» мешітінде «Мектепке жол – 2024» қайырымдылық шарасы өткізілді. Игі шараға облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен мешіт имамдары қатысты.

Қала мешіттері мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалалы жанұядан шыққан 450 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

«Бұл акция еліміз бойынша 1 тамыздан бастап қарқынды жүргізілуде. Облыс бойынша аудан-ауыл, қалалық мешіттер де бұл акциядан тыс қалған емес. Әр өңірдегі мешіттерде оқушыларға арналған мектеп формасы, сөмкелер, оқу құралдары, киім-кешектер және ақшалай да көмек берілуде», – деген бас имам игі шараның маңызына тоқталып, оның дінімізде сауапты, қоғамға пайдалы амал екендігін айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру