Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АБАЙ АУДАНЫНДА БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ

16.08.2024 2476 0 пікір
БАС МҮФТИ АБАЙ АУДАНЫНДА БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Бүгін Абай ауданында “Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды. Игі іс-шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Бас мүфти ең алдымен Аягөзде жұма намазына қатысып, Абай ауданына жолға шықты. Жидебайға келіп Абай мен Шәкәрім, ұлы Ахаттың қабіріне зиярат жасап, 100 Құран хатым дұғасын бағыштады.

Кейін Құнанбай әулетінің ата қонысы болған Ақшоқыға келіп Құнанбай қажы әулеті жатқан Ақшоқы қорымын зиярат етті. Зияраттан соң Бабалар рухына 100 хатым шарасын өтіп, Бас мүфти дұғасын жасады.

Құран хатым дұғасынан соң Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына орай салынған мұражай-кешенін аралап көрді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру