Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда ХІІІ республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 12.08.2024 2066 0 пікір
Павлодарда ХІІІ республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Павлодар облысы бойынша Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан республикалық ХШ байқаудың іріктеу сайысы Ақтоғай ауданының «Жандарбек» мешітінде өтті.

Сайысқа Павлодар облысына қарасты қалалық және аудандық мешіттерден 20-ға жуық шәкірттер мен үміткерлер қатысып, мәнерлеп оқудан бақтарын сынады.

Іріктеу сайысының нәтижесінде Әлихан Мұратов бас жүлдені қанжығасына байласа, бірінші орынды Ақбас Нұрислам Юсупұлы, екінші орынды Серікбаев Бекзат, үшінші орынды Әмірәлиев Ержандар иеленді.

Бас жүлде иеленген Мұратов Әлихан алдағы Республикалық Құран жарысында мәнерлеп оқудан Павлодар облысының намысын қорғайды.

Орын иеленген шәкірттер мен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен естелік бұйымдарп тарту етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру