Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысы өкілдігіне қарасты Сайрам ауданындағы «Арыс Құран жаттау орталығында» білім алған қыздарға куәлік табысталды.
Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов орталықта Құранды толық жаттап шыққан қыздарға сәттілік тілеп, алған біліміне береке тіледі.
Айта кетейік, 2023-2024 жылдары орталықта білім алған қыздар қасиетті Құранның 30 парасын толық жаттап Сенім, Ғибадат, Пайғамбарымыздың өмірбаяны мен Әдеп пәндерінен Имам Ағзам Абу Ханифа мәзһабы бойынша жүйелі ілім алды.
Орталықта қыздардың біліміне Әбиева Еңлік ұстаз және қыздардың тәртіп-тәрбиесіне Абдулхаева Гүлнара ұстаз жауапты болды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
12.08.2024
2580
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру