Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы «Түркістан-Ахмет Ясауи» орталық мешітінде дін қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге облыс бас имамы Ержан Сматұлы, өкілдіктің дін қызметкерлері, Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, басқарма мамандары, «Дін мәселелері зерттеу» КММ орталығының директоры Медет Халықов, орталық мамандары және қала, аудан бас имамдары қатысты.
Басқосуда облыс көлеміндегі діни ахуал, мешіттерді құжаттандыру, жастарды түрлі жат ағымдардан сақтандыру, елдің рухани дамуы бойынша атқарылып жатқан мәселелер айтылды. Жалпы облыс көлемінде 800-ге жуық мешіт елдің игілігіне қызмет атқарса, 1300-ден аса дін қызметкері жұмыс істеуде. Әкім орынбасары Ертай Кенжебекұлы дін қызметкерлерінің елдің дамуы жолында, елдің ұйытқысы болып қызмет атқарып отырғандығына ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыстар атқаратындығына сенім білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
10.08.2024
2117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру