ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мүфтият жанынан құрылған «QAMQOR-SHARAPAT» Орталығы еліміздің барлық өңірінде тәулік бойы салттық қызметтер көрсетіп келеді. Орталықтың биылғы жарты жылда атқарған жұмыстарын қортындылау жиналысы Астана қаласындағы бас кеңседе бейне байланыс арқылы өтті.
Жиынға ҚМДБ-ның бас есепшісі Лаура Байжарасова және орталықтың барлық өңірдегі филиал директорлары қатысты. «Qamqor-Sharapat» басшысы Мейрамбек Қабылбекұлы орталықтың жақында тағайындалған есепшісі Г.К.Исенованы таныстырды.
Содан кейін сөз алған бас есепші Лаура Тілеуханқызы жиынға қатысушыларға Салық заңдарына енгізілген өзгерістер туралы баяндап, Орталықтың салық және басқада есептеріне және ақылы қызметтер көрсеткенде Заң талаптарының қатаң сақталуы қажет екенін түсіндіріп, филиал директорларының сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында Мейрамбек Қабылбекұлы филиал директорларына орталықтың жұмыстарын Заң талаптарына сай жетілдіру туралы бірқатар тапсырмалар берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
10.08.2024
2870
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру