Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті облыстық «Қан орталығымен» бірлесіп, облыстық мешітте қан тапсыруды насихаттау шарасын ұйымдастырды. Игі іс-шараға облыстық «Қан орталығының» мамандары қатысты.
Бұл туралы мамандар: «Жобаның ұзақтығы 100 күнді құрайды, оның барысында сүйек кемігінің әлеуетті донорларын ақпараттандыру және тарту бойынша іс-шаралар жүргізіледі. «Қайырымдылыққа 100 қадам» жобасы – гемопоэтикалық сүйек кемігінің дің жасушаларының донорлығына қоғамның назарын аударуға бағытталған Қазақстанда сүйек кемігі донорлығын танымал етуді дамыту тұжырымдамасы аясында жасалды» деді.
Шара барысында 100-ден астам жамағат трансфузиолог Сандугаш Қулимановадан кеңес алып, НТЖ донорлығы мен қан тапсыру туралы ақпараттық брошюралар алды. Кездесу соңында мамандар мешіт жамағаттарының сұрақтарына жауап беріп, донор болудың абыройлы әрі қауіпсіз екенін еске салды.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Адам өмірін құтқарып қалу деген теңдессіз іс, сондықтан мешітте өткізілген игі шара нәтижесі талай адамның жанына араша болары сөзсіз» дей келе, «Қан орталығы» мамандарына және шараға қатысқан халыққа алғыс білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
10.08.2024
2167
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру