Жуырда ғана бой түзеп, өз жамағатына есігін айқара ашқан Көкшетау қаласының «Бірлік» шағын ауданындағы Етекбай молда мешітінде қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық байқауының Ақмола облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Бұл байқауға барлығы қырыққа тарта адам қатысты. Олар Құранның 10, 20, 30 парасын жатқа және мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит талапкерлердің ынтасына разылығын білдіріп, Алланың кәләм сөздерін жүректеріне түйетін жастардың көбейіп келе жатқанын жақсылықтың нышаны деп бағалады.
Ал, сайыскерлерге әділқазылар ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахметов, танымал қари-ұстаздар Теміржан Мұратов және Мұртаза Балахмет баға беріп, жүзден жүйрікті анықтады. Әр талапкер өзінің бар құлшынысын ортаға салды. Әрине, біреудің бағы жанса, енді біреудің бабы шабатыны анық қой. Сөйтіп, номинациялар бойынша бас жүлделерді Дадажанов Расул (10 пара), Шерханов Еркебұлан (20 пара), Хакимов Фазлиддин (30 пара) және Қыдырбай Дәулет (мәнерлеп оқу) иеленді.
Барлық жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Осы сайыста жеңімпаз болғандарға республикалық байқауға жолдама берілді.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
10.08.2024
2400
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру