Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Төлеби аудандық ардагерлер кеңесімен кездесу өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.08.2024 2429 0 пікір
Түркістан: Төлеби аудандық ардагерлер кеңесімен кездесу өтті

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігі және Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдағы түйткілді мәселелерде бірлесе қызмет атқаруды пысықтау» тақырыбында семинар өтті.

Шараға облыс бас имамы Ержан Сматұлы, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев және ішкі саясат бөлімінің мамандары, қала, ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері, емхана қызметкерлері, ақсақалдар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, әжелер алқасы және аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Семинар барысында қоғамдағы келеңсіз нәрселердің алдын алу, жасөспірімдерді түрлі жат қылықтан сақтандыру,  ҚМДБ тарапынан бекітілген құжаттарды насихаттау сынды мәселелер қозғалды. Сондай-ақ қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру