Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таразда ХІІІ республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 08.08.2024 1773 0 пікір
Таразда ХІІІ республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Әбу Бәкір әс-Сыдық» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIІІ республикалық байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі өткізілді.

Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқудан 4 номинация бойынша 38 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының төрағалығымен өткізілген сайыста Масаншы ауылы, «Қордай құран қариларын дайындау орталығының» ұстазы Хусей Ахмет, Жамбыл облысы бойынша Құран секторының жетекшісі Амангелді Бірлік, XII Республикалық Құран жарысының жеңімпазы Мырзагелді Иманәлі қазылық етті. Құранның 30 парасын жатқа оқудан І орынды иеленген үміткерлерге Кіші қажылыққа жолдама табысталып, қалған қатысушылар қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жарыс соңында облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Құран жарысына қатысушыларға алғысын білдіріп, Республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.

ХІІІ Республикалық Құран жарысының Жамбыл облыстық іріктеу сайысының жүлдегерлері:

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:

1 орын – Хусей Расул
2 орын – Маву Абдульбасит
3 орын – Лиров Нурмухаммад 

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:
2 орын – Сушанло Мухаммедзакария

3 орын – Сасар Амир

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:
1 орын – Сартай Саят

2 орын – Ибадуллаев Абдулло
3 орын – Дауров Абдурахман

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:
2 орын – Аманов Ернұр

3 орын  – Майлыбай Шыңғыс

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру