Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Төлеби ауданы имамдарына семинар өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.08.2024 2185 0 пікір
Түркістан: Төлеби ауданы имамдарына семинар өтті

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданының имамдарына «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында және Тәртіптік кеңес құжаттарын түсіндіру бойынша семинар өтті.

Шараға Облыс бас имамы Ержан Сматұлы, іс басқарушы Ә. Тұрлыбеков, кеңесші М.Құлымбетов және ауданға қарасты мешіт имамдары қатысты.

Жиында Ержан Сматұлы: «Имам дегеніміз – рухани жетілген тұлға. Сондықтан имам әрқашан елдің алдында көркем мінезімен, іс-әрекетімен, сөзімен де үлгі болуы керек. ҚМДБ тарапынан арнайы уағыз айтудың тәртібін жетілдіру бойынша құжат қабылданған. Имам әрқашан ортаға лайықты уағыз-насихат айтуы қажет, сол ортаға лайықты насихатты таңдай білу керек. Имам – діннің айнасы. Сондықтан әрқашан абыройлы қызмет атқаруды нәсіп етсін», – деп насихат айтты.

Сонымен қатар, облыстық іс басқарушы Әлімхан Тұрлыбеков Тәртіптік кеңес қабылданған құжаттың міндеттерін, мақсатын түсіндірді. Семинар барысында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру