Жамбыл облысының барлық имам-молдалары Тараз шаһарында бас қосып, V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттармен танысты.
Өңірдің барлық дін мамандарының басын қосқан шара қасиетті Құран кәрім аяттарымен басталды. Құранды Қордай ауданының бас имамы, қари Әлімұхаммед Егізбаев оқыды. Шараны Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ашып, кіріспе сөз сөйледі.
Бас имам жиында көтерілетін мәселелерді тілге тиек етіп, имамдар форумының мақсаты, қабылданып жатқан құжаттардың мән-маңызын атап өтті. «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасын, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» құжаттарын жауапты мамандар талдады.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
21.06.2023
2655
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру