Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Вице-премьер «Ислам мәдениеті» мұражайын аралады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.06.2023 1107 0 пікір
ШҚО: Вице-премьер «Ислам мәдениеті» мұражайын аралады

Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов пен өңір басшысы Даниал Ахметов «Халифа Алтай» мешіті кешенінде орналасқан «Ислам мәдениеті» мұражайын аралады.

Экскурсия барысында ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы мұражай 2019 жылғы 8 тамызда облыс әкімдігінің қолдауымен ашылғанын атап өтті. «Бұл мұражай өңірдегі бірегей тарихи-рухани орталыққа айналды. Шетелдіктермен қатар мектеп оқушылары, жастар, қала қонақтары алдымен осында келеді. Ұрпаққа, халыққа тарихи руханияттан мол мағлұмат береді» деп, мұражайды ашып берген ШҚО әкімі Д.Ахметовтың бастамасын ерекше атады.

Вице-премьер Алтай Сейдірұлы мұражай залдарында сонау сақ, ғұн, түркі дәуірілерінен, ислам тарихы мен қазақ халқының көне заманнан қазіргі күнге дейінгі мәдениетінен сыр шертетін бірегей құнды жәдігерлерімен, санғасырлық тарихы бар түпнұсқа қолжазбалар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдармен танысып, үлкен қызығушылық білдірді.

Алтай Көлгінов мұражайдың танымдық зор маңызына айырықша тоқталып, электронды форматтағы кітаптарды көріп, мешіт тек діни ғибадат орны ғана емес, сонымен бірге ата-бабаларымыздың дәстүрі мен тарихын насихаттайтын бірден бір рухани орталық деген баға берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру