Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА АСАБАЛАР ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі muftyat.kz 25.05.2023 1475 0 пікір
АЛМАТЫДА АСАБАЛАР ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ жылдық жоспар негізінде Алматы қаласының Алатау ауданында «Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау – борышың» тақырыбында асабалар жиыны өтті.

Мүфтият бастамасымен биылғы жыл «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялануына орай Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев аудандық  асабаларға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – ізгі қоғам құруда қазақтың торқалы тойларының тізгінін ұстап жүрген асабаларымызға той өткізудің әдебі мен маңызы туралы талқылау болды. Отызға жуық асаба жиналған келелі кездесуде бүгінгі той-томалақта болып жатқан өрексел қателіктер мен кемшіліктер турасында сөз қозғалды.

Алматы Орталық мешітінің ұстазы Қуаныш Тоқсанбайұлы мен «Дархан» мешітінің бас имамы Айдос Шарапатбекұлы  шариғат пен дәстүрді ұстана отырып той өткізудің маңызы жайында ойларын ортаға тастады.  

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру