Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісайда «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты рухани кеш өтті (Фото)

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 20.03.2023 2947 0 пікір
Жетісайда «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты рухани кеш өтті (Фото)

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Байдала елді-мекенінде орналасқан "Қуаныш-Бек" мешітінде қазақ халқының ұлттық мерекесі Наурызға арнап "Қош келдің, әз Наурыз!" тақырыбында іс-шара өтті.

Игі іс-шарада қасиетті Құран аяттары оқылып, еліміздің тыныштығы мен бірлігі үшін арнайы дұға жасалды. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүріміз жайлы уағыз- насихат айтылып, көне көз ғұрыптарымыздан көріністер қойылды.

Көпшіліктің батасын алу мақсатында сый-сияпаттар мен наурыз көже тартылды. Қонаққа келген ұстаздар келе жатқан қасиетті Рамазанның қадірі туралы уағыз айтты. Сонымен қатар іс-шарада Рамазанға арналған өлең-жырлар оқылды. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі "Алтын жүзік" ойыны іс-шараның көркін арттыра түсті. Көрермендер арасында дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы сұрақ-жауап ойыны жүргізілді. Мақал-мәтел, бата сайыстары да рухани кештің мәнін арттыра түсті. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру