Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: Жамбылдық кәсіпорындар тексерілді

halaldamu.kz 10.02.2023 2811 0 пікір
Халал Даму: Жамбылдық кәсіпорындар тексерілді

Діни басқарманың «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы бас маманы Данияр Сафиев пен инспектор-бақылаушы Абылайхан Ғабитұлы Жамбыл облысының кәсіпорындарына аудит жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, «Алель Агро» құс фабрикасы, «Тим ЖК», «Дадабаев ЖК», «Касымова Л. ЖК», «Пышка ЖК», «Salam Bro» фаст-фуд өнімдері кәсіпорындарына келетін шикізат өнімдері мен тағамдық қоспалары тексерілді. Тексеріс нәтижелері оң және тұрақты түрде ай сайын өтіп тұрады. Ал «Altyn Sapa Group» ЖШС, «Чаушев ЖК» ет дүкені, «Happy Cake» кондитерлік өнімдері мен «Ақ-Ниет» шаруа қожалығына «QMDB Halal» сертификаты табысталса, 2 маманға қасапшылық құжаты табысталды. 

Сонымен қатар облыстық «Һибатулла Тарази» медресінде Данияр Сафиев шәкірттерге және қасапшыларға «Ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарды сою» тақырыбында арнайы семинар өткізді. Дәріс барысында мамандар сөз сөйлеп, қасапшылықтың үлкен жауапты іс екенін түсіндіріп, насихатын айтты. Малды адалдаудың шариғат жолымен жасалынатын тәртіптеріне ұсақ-түйегіне дейін түсіндіріп, медресе шәкірттері мен қасапшылардың сұрақтарына кеңінен жауап беріп, малды бауыздау рәсімінің шариғатымызда алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін, халық үшін жасалатын игі қызмет екендігін түсіндірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру