Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Сыр жастарымен жүздесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.11.2022 1550 0 пікір
РАНТ мүшесі Сыр жастарымен жүздесті

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облысы орталық Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Сыр жастарымен жүздесті.

Қызылорда қаласы «ORDA» жоғары колледжінде өткен кездесуде Нұралы Бақытұлы оқу орнында білім алушыларға ұлттық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесі туралы насихат айтып, теріс ағым арбауына түспеудің жолын түсіндірді. РАНТ мүшесінің студенттермен жүргізген сұқбаты сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

Айта кетейік, аймаққа арнайы сапармен келген уағызшы Қызылорда қаласында және Шиелі ауданында орналасқан бірқатар мешіттерде жергілікті жамағатпен кездесіп, насихат жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру