Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Көкпектіде Имамдар форумы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 27.04.2022 2240 0 пікір
ШҚО: Көкпектіде Имамдар форумы өтті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және Көкпекті ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты аудандық имамдар форумы өтті.

Форумға Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы және Көкпекті ауданының әкімі Раджан Қайырқанұлы Сейтканов, ШҚО Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысы Ернат Қыдырмоллаев пен Көкпекті ауданы имамдары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері және ауыл әкімдері қатысты.

Алқалы жиында сөз алған бас имам Ермек Қасболатұлы: «Көкпекті ауданы тұңғыш рет имамдар форумын өткізіп отыр. Алдағы уақытта имамдардың әлеуметтік жағдайы мен қажеттіліктеріне баса назар аударып, оқыту мен қайта даярлау жұмыстары қолға алынатын болады. Аудан тұрғындары арасында исламға қызығушылық танытқан, білім алуға ниетті тұрғындарды жоғары және арнайы оқу орындарында гранттық негізде оқытып, оқу аяқталғанан кейін ауданда қызмет атқару жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр» деді және осындай форумдар арқылы аудан тұрғындары үлкен рухани азық алып, дін саласында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдап, өз ойлары мен пікірлерін еркін білдіруге ықпал ететіндігіне тоқталды.

Жиында аудан көлеміндегі діни ахуал, сонымен бірге ҚМДБ тарапынан имамдарды қолдауға бағытталған іс-шаралар қатарлы маңызды мәселелер талқыланып, имамдар өз ұсыныстарын ортаға салды.

Форум барысында Көкпекті ауданының әкімі Раджан Қайырқанұлы өлкедегі дін қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, ауылдық мешіттердің жай-күйіне және ауыл мешіттерін діни мамандармен қанымдауға байланысты атқарылып жатқан шаралармен таныстырып, өз пікірін білдірді.

 Форум соңында аудан әкімі имамдар мен тұрғындарға ауызашар жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру