Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: 160 отбасыға көмек берілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 04.04.2022 2193 0 пікір
Павлодар: 160 отбасыға көмек берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне арнап Павлодар қаласы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

«Зекет және қайырымдылық» қорының Павлодар облысы өкілдігі және «Сауап»   қайырымдылық тобының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасында  160 мұқтаж отбасыға азық-түлік пакеті  үлестрілді. Сондай-ақ,  шетелге барып емделуге және көп балалы отбасыларға  қаржылай  және материалдық  көмек (1 миллион 500 мың теңге көлемінде) те қоса берілді.

Сауапты шараға облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы және «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдік бойынша жауапты қызметкерлері қатысып, алдағы Рамазан айымен құттықтап,  жамағатты қасиетті айда сауабы еселенетін құлшылық пен жақсылықты молынан жасауға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру