Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Өнер қырандары» көрерменге ой салды

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 28.10.2021 2659 0 пікір
Атырау: «Өнер қырандары» көрерменге ой салды

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен «Пайғамбар өнегесі» атты Мәуліт кеші өтті.

Кеш барысында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты қасиетті Мәуліт айының басталуымен құттықтады. Екі дүние сардары Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың өмірінен сыр шертті.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірде намаз оқып тұрып сәждеге барғанында үстіне кішкентай немересі Хасан шығып алады. Пайғамбар сәждеде ұзақ болады. Сәлем бергеннен кейін адамдардан кешірім сұрап: «Хасан балам үстіме мініп алды. Басымды көтерсем, жерге құлап түсе ме деп қорықтым» деген екен. Алла елшісі адамдарға ғана емес, барлық тіршілік иелеріне жанашырлықпен қарайтын» деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Мәуліт кешінде көпшілікке белгілі «Өнер қырандары» театры имандылықты насихат еткен мағыналы қойылым қойып, атыраулық көрерменге ой салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру