Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НҰР-МҮБАРАК СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 12.10.2021 2163 0 пікір
НҰР-МҮБАРАК СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

Наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Нұр-Мүбарак университетінде болып, студенттермен жүздесті.

Алдымен университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев Сансызбай Құрбанұлын қоғамдық негізде наиб мүфти болып тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Одан кейін наиб мүфти жылдар бойы жиған білімі мен тәжірибесін ұштастырып, қаймағын қалқып, студенттерге асыл дініміздің жауапкершілігін жан-жақты жеткізді.

«Сіздерге қазір сапалы ілім алуға барлық жағдай жасалған. Керек десеңіздер араб ғалымдары алдарыңызда жүр. Сондықтан осы білім алуға берілген уақытты жақсылап пайдаланып, ілімдеріңіз мінездеріңізден көрінуі керек. Ақыл мен нақылға сүйенген білім құламайтын берік қамалға айналады. Дүниеге емес, білімге ұмтылыңдар. Білім сені қорғаса, дүниені сен қорғайсың. «Малды жұмсасаң азаяды, білім бөліссең көбейеді» деген ғұламалар. Білім иелері пайғамбарлардың мирасқорлары екенін есте ұстаңыздар» деп өскелең ұрпаққа өнегелі өсиетін бөлісті.

Дәрістен кейін студенттер көкейіндегі сауалын қойып, жауап алды. Оқу орнының Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің директоры Мақсат Байзақ студенттер атынан Сансызбай Құрбанұлына салиқалы дәрісі үшін алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру