Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Алтынсарин ауданына имам тағайындалды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 27.09.2021 2449 0 пікір
Қостанай: Алтынсарин ауданына имам тағайындалды

Қостанай өңірінде заманауи діни білім алған жастар қатары көбейіп, мешіттер білікті мамандармен толығуда. Жуырда ғана ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ»мешітіне жас маман Нұрлан Сейдағалиев бас имам болып тағайындалды.

Ол осы уақытқа дейін Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде наиб имам қызметін атқарды. Өз жұмысына аса ыждағаттылықпен қарайтын азамат халық арасында үлкен құрметке бөленді.

Оны аудан жұртшылығына Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы Дархан Сыздық таныстырды. Ал, бұған дейін Алтынсарин ауданының бас имамы болған Ерік Ыбырай өзі туып өскен Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы»  мешітіне наиб имам қызметіне ауысты.

Алтынсарин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтов Жандарбек ақсақал Ерік имамға атқарған еңбегіне алғысын​ айтып, ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру