ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігінің «Жастар ісі» секторы және қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен Талдықорған қалалық политехникалық колледжінің студенттерімен «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау. Шараға орталық «Иман» мешітінің мешітінің имамы Нұрсұлтан Мұқиятұлы мен облыстық дін істер басқармасының маманы Ақжол Маратұлы қатысты.
«Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, рухани – адамгершілік құндылықтар беріледі» деді кездесу қонақтары.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
24.09.2021
2435
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру