Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Жеті бағыт бойынша жиын өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 01.09.2021 3401 0 пікір
Қызылорда: Жеті бағыт бойынша жиын өтті

Қызылорда облысының имамдары ҚМДБ бекіткен жұмыстың негізгі 7 бағыты бойынша жиын өткізді. Алқалы жиналыс Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған оқиғаға байланысты ел амандығы үшін дұға жасаумен басталды.

Жиналыста облыс имамы Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ бекіткен жеті бағыт жұмысы бойынша қала және аудан имамдарының 8 айлық есебін тыңдап, әр бағытқа жеке тоқталып, атқарылып жатқан іс-шаралардың мән жайын талқылап, кем-кетіктерін саралап, алдағы 4 айда атқарылуы қажет жұмыстарды бекітті.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мешіт істеріне қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.

Ихсан тақырыбында насихатты күшейтуді, жат ағымға қарсы жұмыс жасауды баса айтты. Жаңа оқу жылы басталуына орай, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру секілді мәселелерге тоқталып, нәтижелі жұмыс атқарылуын тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру