Теміртау қалалық Жақып Ақбай атындағы мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Екі айға созылған жұмыс барысында 800 шаршы метр аумақты құрайтын мешіттің ішкі бөлмелері толықтай жөндеуден өтті. Бір мезетте 1000-нан астам адам құлшылығын өтей алатын ғибадат үйінің намазханасы (ерлерге және әйелдерге арналған бөлмелері) жарықтандырылып, қабырғалары безендіріліп, заманауи үлгіде жаңартылды.
«Мұның бәрі де теміртаулық ағайынның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, барынша қолдауының арқасында жүзеге асып отыр. Сондай-ақ, сауапты істе жергілікті дін қызметкерлерінің де айтарлықтай үлесі бар екенін айта кеткен жөн. Ғимарат ішіндегі құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, енді тек кілем төсеу ғана қалған» дейді Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы.
Еске сала кетейік, 1993 жылы балабақшадан мешіт қолданысына берілген бұл ғимарат бүгінге дейін осындай ауқымды һәм күрделі жөндеу жұмыстарынан өтпеген.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ihsan.kz
16.08.2021
3205
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру