Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда қасапшыларға сертификат берілді

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 10.08.2021 3032 0 пікір
Атырауда қасапшыларға сертификат берілді

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінде қасапшыларға халал стандарттау бойынша сертификат тапсырылды.

Арнайы сертификатты «Халал Даму» мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы мен журналист Нұркен Мағриденұлы табыстады.

Қылышбай Досаков пен Еркебұлан Жағыпаровқа ҚМДБ Халал стандарттау бөлімі мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы Халал стандарты бойынша арнайы сертификат, куәлік және қасапшының мөрі табысталды.

Айта кетейік, сертификат иегерлері қасапшыларға арналған «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» оқу-семинарына қатысқан болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру