Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 19:50:00

04 Қазан 2026

22 Рабиғул ахир 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жамбыл: Имамдар үйінде біліктілікті арттыру семинары басталды

Жамбыл: Имамдар үйінде біліктілікті арттыру семинары басталды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 26.07.2021 3461 0 пікір
– | A | +
Жамбыл: Имамдар үйінде біліктілікті арттыру семинары басталды

Жамбыл облысы Қордай ауданының Сортөбе ауылында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен былтыр «Имамдар үйі» ашылғаны белгілі. Сол уақыттан бері Имамдар үйінде түрлі іс-шаралар, игі бастамалар бастау алды.

Бұл мекеменің ашылу мақсатының басы да осы – халық арасындағы ауызбіршілікті нығайту, көпшілікпен рухани тұрғыда жұмыс жасап, ел ішіндегі түйіткілдерді тарқатып, реттеп отыру. 

Дәл осы бағытқа аса басымдық танытып жатқан Имамдар үйінде бүгін имамдар білімін жетілдіру бойынша жазғы семинар басталды. Ислам діні насихаттағандай бейбітшілікті ұстанып, бір үйдің баласындай ұйымшылдықта болу үшін ұлттар арасында дәнекер боп жүрген дін мамандарының білімін жетілдіру аса маңызды. Сондықтан әуелі, аудан бас имамдарына 1 күндік оқыту семинары өтсе, онымен қоса ауыл имамдарына 2 апталық 72 академиялық сағаттан тұратын дәрістер жүргізілмек.  

Оқыту семинарының ашылуына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, дін мамандары қатысты.

Ауыл имамдарын білім-біліктілігін арттыру мақсатында бастау алған шарада елімізге танымал PhD доктор, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Асқар Әкімханов «Матуриди сенім мектебі» турасында дәріс оқыды. 

Бүгінгі 1 күндік семинарда сонымен қатар «Мүфтияттың құрылу тарихы», «Ислам тарихы», «Уағыз әдістемесі» сынды бағыттар бойынша сабақ жүргізілді. Осы және басқа да бағыттар бойынша білікті мамандар 2 апта бойы семинарда тереңдетілген білім бермек. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Шымкентте қарт дін қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

02.10.2026 973
Шымкентте қарт дін қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

«Зекет және қайырымдылық қоры»: Қарттар күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

02.10.2026 254
«Зекет және қайырымдылық қоры»: Қарттар күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда қарттар күніне орай кездесу өтті

01.10.2026 712
Атырауда қарттар күніне орай кездесу өтті

Алматы облысында «Аталар мектебі» кездесуі өтті

01.10.2026 288
Алматы облысында «Аталар мектебі» кездесуі өтті

Жаңаөзенде әйелдер арасында облыстық «Сира» білім жарысы өтті

01.10.2026 469
Жаңаөзенде әйелдер арасында облыстық «Сира» білім жарысы өтті

Шымкентте діни дүкен иелерімен кездесу өтті

29.09.2026 1081
Шымкентте діни дүкен иелерімен кездесу өтті


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3