Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Штаб жұмысы пысықталды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 19.07.2021 1802 0 пікір
Алматы: Штаб жұмысы пысықталды

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан аудан және қала имамдарына Діни басқарма тарапынан қабылданған карантиндік режимдегі құрбан шалудың жай-күйімен таныстырып, «Құрбандық –2021» жобасын атқару үшін құрылған штаб  жұмысына тоқталып, құрбан айтта атқарылар игі істердің алгоритімін пысықтады. 

Сондай-ақ бас имам аманатты орындау, уәдеде тұру мұсылмандықтың басты шарттарының бірі дей келе, қашықтан құрбан шалу ісін үйлестіретін жұмысшы топқа тапсырыс алудан бастап, мал сою, видео есеп жолдау барысында құрбан шалуға тапсырыс берген адамдардың құрбандығы дұрыс шалынып, иесіне уақытылы  жеткізілуіне жіті мән беру керектігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы өкілдігінде қашықтан шалу шарасын ұйымдастыру барысында көпшілікті сауалдарына жауап беру үшін арнайы Call-орталық қызмет етеді. Байланыс нөмірі: 8727 329 09 66, 8778 382 88 36, ватцап нөмірі: 8775 475 00 83. 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру