Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ерейментау ауданының діни ахуалымен танысты

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 01.07.2021 1968 0 пікір
Ерейментау ауданының діни ахуалымен танысты

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы Ерейментау ауданында болып, жергілікті діни ахуалмен танысты.

Ерейментау өңірі – ұлт азаттығы жолында қолынан найзасын тастамаған қазақтың хас батыры Бөгенбай баhардүрдің киелі мекені. Асыл дініміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Сәдуақас Ғылмани және Тоқан хазіреттердің қасиетті кіндік қаны тамған жер.

Бас имам алдымен аудан әкімі Абай Әлжановпен кездесіп, екеуара емен-жарқын әңгімелесті. Өңірдегі діни мәселеге де қанықты. Ел ішінде имани сана қалыптастыру жайына да баса назар аударды. Әкімге Бас мүфтидің басшылығымен жаңадан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

Аудандық мешіт жанындағы қосалқы құрылыспен де танысып, ой бөлісті. Сапар аясында ауданда көп жыл бойы имамдық қызмет еткен марқұм Орал қажы Тоқмағамбеттің зиратына барып, құран бағыштады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру