Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Имамдар тарихи орындарға зиярат жасады

beket-ata.kz 17.06.2021 2322 0 пікір
Маңғыстау: Имамдар тарихи орындарға зиярат жасады

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері Түпқараған ауданына арнайы іс-сапары барысында Шақпақ ата қорымын және жерасты мешітін зиярат етті.

Имамдар ең алдымен сәулет өнерінің ескерткіші саналатын Шақпақ ата жерасты мешітіне ат басын бұрып, бабалар рухына Құран бағыштады. Осыдан кейін дін қызметкерлері қорым аумағында орналасқан Ержан хазіреттің қабіріне зиярат жасады.

Ержан хазірет (Ермұханбет Төлегенұлы) – қазақ жерінің тұтастығы, дінінің кең таралуы, елінің жарқын келешегі үшін тер төгіп, қызмет еткен танымал дін қайраткері, ағартушы-ұстаз. Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақтау қаласында «Ержан хазірет» атындағы мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру