Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 10.06.2021 2468 0 пікір
Қостанай: ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар

Қостанай облыстық мешітінде ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар өтті.

Семинарға облыс бойынша жұмыс жасап жүрген діни қызметкерлер қатысып, деструктивті ағым мүшелері желеу қылатын мәселелерге қатысты дәріс тыңдады. Дәрісті Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет, наиб имамдар Дархан Сыздықов пен Тұрым Муканбетжанов жүргізді.

Дәріс үш күн бойы жүргізіліп, Қостанай облысындағы жат ағым мүшелерімен жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша тақырып қозғалды. Оған ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті мен Қостанай облыстық дін істер басқармасының мамандары қатысты.

Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы: «ҚМДБ-ның негізгі бағыттарының бірі – жат ағыммен жұмыс жасау. Сондықтан бұл бағытта барлық ЖАНТ мүшелері аса жауапкершілікпен жұмыс атқаруы тиіс және оған қолдау білдіру де қажет» деп өтті. Осылайша жасалған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жасалатын шаралар мен істер жоспарланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру