Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ЕҰУ-де «University sports centre» спорттық-сауықтыру кешені ашылды.
Іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев, ЕҰУ-дың бұрынғы ректорлары Амангелді Құсайынов пен Бақытжан Әбдірайымов қатысып, спорт-сауықтыру кешенінің лентасын қиды.
Шара барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, спорт кешенін пайдалануға беру ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің дарынды жастарына жағдай жасаудың нақты дәлелі екенін атап өтті. Сонымен қатар қала әкімі Алтай Көлгінов бір жылда пайдалануға берілген нысан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай жүзеге асқанын жеткізе келіп, бұл нысанға алдағы уақытта әкімдік тарапынан қолдау болатынын жасырмады.
ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Оңғар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойына арнаған құттықтау хатын оқып берді. «Асыл дініміз тал бесіктен жер бесікке дейін білім алуға үндейді. Алла Тағала қасиетті Құранда білім алу мұсылман ер мен әйел үшін парыз екенін әмір еткен. Еуразия ұлттық университеті жастардың толыққанды білім алуына жағдай жасап, барлық мүмкіндікті қарастырып келеді. Алла ел игілігі жолындағы ізгі істеріңізге мол сауаптан жазғай.
Ұжым жұмысына береке тілеймін. Білім мен ғылым саласындағы табанды қызметтеріңіз қашан да жемісті болғай» делінген құттықтау хатта.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
21.05.2021
3135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру