Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 14.04.2021 3269 0 пікір
ҚМДБ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Тараз шаһарындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі жанынан спорттық ойын алаңы ашылды.

Игі іс-шараға ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов пен мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев,  Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, аталған оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл мен студенттер қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Жанділлә Бекжігітов:

«Спорттың ислам дінінде алар орны ерекше. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлем болсын) «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан абзалырақ» деген. Сондықтан мүфтият қызметкерлері де спортпен шұғылданады, имамдар да спорттық сайыстарды жиі ұйымдастырып тұрады. Мына ойын алаңының ашылғаны жастарға да үлкен жеңілдік, мүмкіндік болып отыр» -  деді.

Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы шәкірттерді Діни басқарманың бөлім басшыларымен таныстырып өтсе, медресе директоры алыстан ат артып келген қонақтарға алғысын жеткізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру