Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: 100 отбасыға «Ауызашар қоржыны» берілді

14.04.2021 2326 0 пікір
Қызылорда: 100 отбасыға «Ауызашар қоржыны» берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ауызашар қоржыны» 100 мұқтаж отбасыға тарту етілді.

Қасиетті айдың алғашқы күні аймақтың бас мешітінде өткен шарада облыс имамы Болатбек Ұласқанұлы көпбалалы, жалғызбасты және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарға бір айлық азық-түлік мөлшеріндегі рамазан қоржындарын үлестірді. Қайырымдылық акциясы «Гүлжан ана» қорының демеушілігімен жүзеге асырылды.

Айта кетейік, былтыр елдегі эпидахуалға байланысты мешіттерде ауызашар дастарқанын жаюдың орнына тұрмысы төмен отбасыларға «Ауызашар қоржындары» мен «Ауызашар бокстарын» таратып беру қолға алынған болатын. Биыл да індет таралуының алдын алу мақсатында ауызашар беруге ниетті жандарға имамдар тарапынан аталмыш жобаға үлес қосуы насихатталып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру