Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Облыстық мешіттің дауыс күшейткіштері ауыстырылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 06.04.2021 2274 0 пікір
Маңғыстау: Облыстық мешіттің дауыс күшейткіштері ауыстырылды

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің дауыс күшейткіштері ауыстырылды.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің шатырында орналасқан дауыс күшейткіштері көп жылдан бері қаншама мұсылманған қызмет көрсетті. Белгілі уақыт өтісімен кез-келген заттың тозатыны ақиқат. Осыған орай, ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Елжановтың ұйытқы болуымен құлшылық үйінің шатырында орналасқан ескі дауыс құрылғылары ауыстырылды.

«Дауыс күшейткіштерін ауыстыру мешітте құлшылық жасап, рухани ілім үйренуге келетін халықтың игілігі үшін қолға алынды. Бұл игі іске дінге жанашыр демеушілер көмек көрсетті. Осы азаматтардың ниеттері қабыл болып, Алла оларға разы болсын! Алдағы уақытта мешітімізде өзге де жөндеу жұмыстары қолға алынатын болады» деді Әнуар Ізімбайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру