Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 05.04.2021 4158 0 пікір
АЛМАТЫДА ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

Бүгін Алматы қалалық Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ихсан» жылы аясында «Діни танымдық викториналық сұрақтар» атты жаңа кітап жарық көрді.  

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың төрағалығымен өткен қасиетті Рамазанға дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған онлайн жиында елеулі еңбектің маңыздылығы мен жаңалығы айтылып, тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітаптың шығуына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Имам Матуриди» ғылыми-зерттеу орталығының меңгерушісі Бауыржан Әлиұлы жетекшілік етті.

Қалың оқырманға жол тартқан кітапта Құранға, Құрандағы дұғаларға, тәжуид ережеріне, пайғамбарлар қиссасы, Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғұмыры және сахабалар тарихына қатысты 3000 діни танымдық сұрақ-жауап қамтылған.

«Muftyat» баспасынан шыққан еңбекті Нұр-Мүбарак университетінің «Дінтану» мамандығының магистрі Шохан Құдайбергенұлы құрастырған.

Алматы қаласы «Жастар ісі» секторының ұйымдастырумен жарық көрген кітапқа демеушілік еткен барлық жомарт жандарға алғыс білдіреміз.

Кітапты сатып алу үшін мына байланыс нөміріне хабарласыңыз: 8 702 985 4590 – Шохан Құдайбергенұлы. 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру