Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Үшжақты меморандумға қол қойылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 25.02.2021 2277 0 пікір
Қызылорда: Үшжақты меморандумға қол қойылды

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Қызылорда облысының дін істері басқармасы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – имамдардың, теологтардың, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері мен дін істері басқармасы мамандарының біліктілігін, коммуникативтік қабілетін дамыту үшін бірлескен оқу семинарларын, дөңгелек үстелдерді, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру, ақпараттық әсер ету технологияларындағы кәсіби құзіреттіліктерін арттыру.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғимаратында өткен айтулы шараға қатысқан үш тарап басшылары аталған бастама алдағы уақытта халық игілігі үшін атқарылар жұмыстардың нәтижелі болуына өз септігін тигізетінін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру