Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Халал дәмханалар қайта тексерістен өтуде

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 25.02.2021 2100 0 пікір
Талдықорған: Халал дәмханалар қайта тексерістен өтуде

ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму»мекемесінің мамандары Талдықорған өңірнің орталығында да тұрақты жұмыс істеп, игілікті істің ұйытқысы болып келеді.

Талдықорған қаласында орналасқан «ҚМДБ Халал» стандартынан өткен асханаларға айлық тексеру жүргізген жауапты маманы Мұхамед Ордыбай «TANDOOR» дәмханасына арнайы барып, аспаздарды халал стандартының барлық талаптарын сақтауға шақырды. Себебі адал ас мұсылман өмірінің және құлшылығының маңызы екенін түсіндіріп, тағамның тазалығы қоғамның түзелуіне ықпал ететінін атап өтті. Сөз арасында ет өнімдері мен ас мәзіріне қолданылатын дәмдеуіштердің өзін мұқият тексеруден өткізу қажеттігін ескерткен маман көбіне өзбек халқының ұлттық тағамдарын дайындайтын «TANDOOR» дәмханасында өрескел кемшіліктердің жоқтығына көз жеткізді.

Ескерте кетейік, «TANDOOR» дәмханасы Талдықорған қаласында алғашқы болып халал сертификатын алған асханалардың бірі саналады. Қазіргі таңда дәмхана аспаздары көпшілікке адал астың көптеген түрі мен неше түрлі сұйық тағам өнімдерін ұсынып, халыққа мүлтіксіз қызмет көрсетуде.

«TANDOOR» дәмханасына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі биылғы наурыз айының 16-на дейін алынған. Дәмхана жетекшісі сертификат мерзімін ары қарай ұзартатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру