Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: 50 отбасыға азық-түлік жеткізілді

Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі 20.02.2021 2344 0 пікір
Маңғыстау: 50 отбасыға азық-түлік жеткізілді

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Облыс орталығында тұратын 50 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды. 

«Ақтау мешітінде жасақталған тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсету – мешіт қызметінің бір бағыты. Карантин шектеулеріне қарамастан, мешіт қызметкерлері күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін алып, аз қамтылған отбасыларға таратып, сауапты іс жасады» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Құрбанбек Абдалиев. 

Бұл жолғы қайырымдылық аясында ұн, күріш, қант, ет, шай, май, макарон өнімдері мен тәттілер салынған қораптар тұрмысы төмен отбасыларға жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру