Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Жаңа жобалар мен жоспарлар талқыланды

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.01.2021 676 0 пікір
Қарағанды: Жаңа жобалар мен жоспарлар талқыланды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Арай Серғалиқызының ұйымдастыруымен жиын өтті.

Жиында Діни басқарма тарапынан қабылданған 7 бағыт бойынша, сондай-ақ биылғы жылдың жаңа жобалары мен жоспарлары талқыланды. Басқосуға Қарағанды облысына қарасты «әл-Машани», «Қазыбек би», Теміртау мешіттерінің ұстаздары қатысты.

Кездесу барысында Әйел-қыздар секторының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланды. Қабылданған әрбір құжат асында облысқа қарасты барлық аймаққа арнайы тапсырмалар беріліп, істі жауапкершілікпен атқару міндеті жүктелді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі