Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: 8-сынып оқушысына баспана берілді

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.01.2021 364 0 пікір
Ақтау: 8-сынып оқушысына баспана берілді

ҚМДБ «Зекет» қорының Маңғыстау облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Ақтауда 343-пәтердің кілті табысталды.

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде 8-сынып оқушысы Қалжан есімді бойжеткеннің өмірлік жағдайына қатысты видео тараған болатын. Осы уақытқа дейін, әкесінің мүгедек болуы және өзге де тағдыр тауқыметінің ащы дәмін татса да, Жаратушыға деген сенімін жоғалтпай, еш мойымаған қазақ қызының жағдайы кімді болса да алаңдатпай қоймады.

Нәтижесінде дін қызметкерлері бастап, жергілікті жомарт жандар қостап, елдің көрсеткен демеушілігінің арқасында Маңғыстау өңірінің бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Қалжан қарындасымызға баспана кілтін табыстады.

Қайырымдылық шарасына Маңғыстау облысының құрметті азаматы, өңірімізге белгілі ақсақал Сақып Керелбаев және Маңғыстау облысының құрметті азаматы, тарихшы, өлкетанушы, шежіреші Алқажан Еділхантегі арнайы қатысып, игі шараға ұйытқы болған халыққа алғыс айтып, Қалжан қарындасымызға ақ батасын берді.

Сондай-ақ игі шараға қоғам белсендісі, блогер Нұржігіт Нұрболатұлы мен «Zaman» қайырымдылық қорының басшысы Мақсат Заманбекұлы да қатысты.

Айта кетейік, 2020 жылы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 142 баспана берілсе, соның 15-і Маңғыстау облысында табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі