Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Науқас сәбидің еміне көмек берілді

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 11.01.2021 2486 0 пікір
Ақтөбе: Науқас сәбидің еміне көмек берілді

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық шарасы өтті.

ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілімен бірге жасаған акция аясында 121 мың теңге көлемінде қаражат жиналды. Хромтау ауданының бас имамы Ерік Сұлтанов түскен қаражатты мешітке ақшалай көмек сұрап, өтініш білдірген Дамир Жаңалық інімізге берілді. Қаржылай көмек Дамир анасының қолына табысталды.

Алла Тағала дерті бар бауырларымызға шипасын берсін. Қайырымдылық жасаушылардың істеріне береке беріп, сауаптан жазсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру