Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: «Зияткер имам» семинары өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 09.01.2021 2075 0 пікір
Түркістан: «Зияткер имам» семинары өтті

Түркістан облысында ІV республикалық имамдар форумында қабылданған үш құжатты насихаттау жұмыстары жалғасып жатыр. Зияткерлікке басымдық беріліп, зияткер болу жолдары айтылып келеді.

Кезекті семинар Мақтаарал ауданында өтті. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов жиынға арнайы қатысып, ауыл имамдарын жан-жақты дамуға шақырды.

Дін қызметкерлерінің тұлғалық келбеті, зиярат ету, зират салу, дастарқан жаю әдептері дәріптелді. Сондай-ақ «Зекет» қорының өңірдегі өкілі Еркін Полатовқа үгіт-насихат жұмыстарын көбейту тапсырылды.

Айта кетейік, бұған дейін «Зияткер имам» семинары Жетісай ауданында өткен еді. Үш құжатты баспадан шығарып, аудан, қала, ауыл имамдарына түгел тарату жоспарланған. Алдағы уақытта барлық аудандарда «Зияткер имам» семинары өткізілмекші.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру