ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Думан Нәдірұлы Аягөз қалалық мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, орнына Алмас Айткәрімұлы тағайындалды.
Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы Бас мүфтидің бұйрығын оқып, Думан Нәдірұлына алғыс білдіріп, атқарған қызметтеріне тоқталып, Алмас Айткәрімұлын құттықтап, имамдардың жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.
Аудан әкімі Сейілбек Абиұрұлы Д.Нәдірұлына «Аягөз мақтанышы» төсбелгісін тағып, иығына шапан жауып, алдағы істеріне береке тілеп, алғыс хат табыстады. Аягөз қалалық мешітінің ақсақалдары мен жастар бөлімі Думан Нәдірұлына ақ баталарын беріп, ат мінгізді.
Д.Нәдірұлы Аягөз қалалық мешітінде қызмет атқарған жылдары мешіт ауласынан жаңа қосымша ғимарат салдырып, мешіттің астыңғы қабатын кеңейтіп, жамағатпен намаз оқуына мүмкіндік жасап, жаңа студияның ашылуына үлес қосып, дініміздің өркендеуіне білімімен, күш-жігерімен талмай қызмет атқарды. Алдағы уақытта да дін жолындағы қызметін ары қарай жалғастырмақ.
Жаңа қызметке тағайындалған Алмас Айткәрімұлы бұған дейін Өскемен қаласындағы «Защита» мешітінің бас имамы қызметін атқарған. Ол 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Дін саласында бірнеше жыл еңбек еткен, жоғары білімді, тәжірибелі маман, отбасылы.
2005-2012 ж.ж ҚМДБ, ШҚО, Өскемен аймағы өкілдігі, облыстық «Өскемен орталық мешітінде» кезекші молда, наиб имам;
2012 жылдан ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі, Өскемен қалалық «Защита» мешітінің бас имамы қызметін атқарды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
09.12.2020
4506
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру