Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты рухани онлайн Мәуліт кешінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры арнайы әзірлеген ғибратты қойылымдарын ел назарына ұсынды.
Қойылымда бізден бұрын өмір сүрген ізгілердің Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақ жолын қалай ұстанғаны және дін деген ұлы аманатты келер ұрпаққа қалай жеткізгені туралы сауалдарға хикметпен жауап беріледі.
Бабаларымыз ұстанған жолдың дұрыс екендігіне көрерменнің көзін тағы бір жеткізіп, әрбір рөлін шеберлікпен сомдай білген театр артистеріне алғыс айтамыз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
azan.kz
22.11.2020
2826
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру