Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Вайнах» мешітінде Мәуліт оқылды

azan.kz 10.11.2020 2941 0 пікір
Алматы: «Вайнах» мешітінде Мәуліт оқылды

Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты «Вайнах» мешітінде Адамзаттың Ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айының құрметіне орай Мәуліт оқылды.

Мәулітті «Вайнах» мешітінің наиб имамы Ибадов Захиджан оқыды. Ал мешіт имамдары Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырын үлгі етіп, сәлем-салауаттар жолдады.  

Соңында Құран оқылып, Жетісу ауданының бас имамы Көптілеуов Бақытжан еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. Мәуліттен кейін ас берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру