Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Ықсан қажы» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 24.10.2020 2705 0 пікір
Қарағанды: «Ықсан қажы» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей және «Нұра» ауданының имамы Бокаев Ерлан Серікұлы бақылау-басқару ісі бойынша арнайы қызметтік сапармен Ақмешіт ауылы, «Ықсан қажы» мешітіне ат басын бұрды.

Аймақ мешітінің имамы Кендебай Мәмбеталиев облыс наиб имамына мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігін таныстырып, жаңалығымен бөлісті. ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай «30 игі шара» аясында «Ықсан қажы» мешіті бірнеше жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған. Атап айтқанда, мешіттің жылу беру жүйесі заманауи түрге ауыстырылып, шатыры мен төбесі күрделі жөндеуден өтті. Мешіттің дәретханасы да жаңартылып, айналасы қоршалды.

Игі шараға жергілікті тұрғындар бір ауыздан ат салысып, мешіт құрылысын өздері атқарған. Екі жарым миллион теңге қаражат жұмсалған мешіттің жөндеу жұмыстарына демеушілік көмектің қаражатын да жергілікті халық жинаған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру