Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Құран жарысының аймақтық іріктеуі өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 13.10.2020 2900 0 пікір
Маңғыстау: Құран жарысының аймақтық іріктеуі өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай ІХ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтті.

Іріктеу кезеңінің шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылғаннан кейін, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз алып:

«Құран – Алланың сөзі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сіздердің ең жақсыларыңыз – Құранды үйренгендеріңіз және үйреткендеріңіз», – деген. Құранды жатқа оқудан алдыңғы жылдары өткен республикалық сайыстарда Маңғыстау өңірі қатарынан екі мәрте бас жүлдені иеленді. Алла сіздерге сол қариларымыздың жолын берсін» дей келе, осы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, Құран жарысына қатысып отырған 8 үміткерге сәттілік тіледі.

Құран жарысына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен, құрамында РАНТ мүшесі, Маңғыстау облысы бойынша пәтуа бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Юнус Асга, облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Ахлиддин Асқар және облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Әлбетов Еркеғали сынды азаматтардан құрылған қазылар алқасы төрелік етті.

Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. Жарысқа қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша бақ сынап, іріктеу сайысында жүлделі орын алған қатысушылар қаржылай сый-сияпатқа ие болды.

Жарыс нәтижесі төменде көрсетілген:

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын - Жанғазиев Заманбек

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын - Арыстан Қожамбетұлы

ІІ орын - Сатешов Айбек

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын - Ығылман Мұхаммед

ІІ орын - Нұрлыев Сылап Есен

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

І орын - Сайдолла Қуаныш

ІІ орын - Игильманов Тобанияз

ІІІ орын - Теңізбаев Нұрлепес

Айта кетейік, І орын иегерлері ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай 21-22 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ІХ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша додаға жолдама алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру